Премьер-Министр Олжас Бектенов QazExpoCentre-Pipe зауытында болды

news
2025-11-13
Премьер-Министр Олжас Бектенов QazExpoCentre-Pipe зауытында болды

2025 жылғы 6 қараша күні біздің ұжым үшін ерекше маңызды күн болды — QazExpoCentre-Pipe зауытына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ресми сапармен келді.
Делегация құрамында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен оның орынбасары Тлепберген Қаюпов болды. Қонақтарды зауыттың бас директоры Ләззат Көпжасарқызы Есекеева қарсы алып, кәсіпорынның қызметі мен даму жоспарлары жөнінде баяндап берді.
Сапар барысында Премьер-Министр өндірістік үдерісімізбен — дайындамаларды әзірлеуден бастап дайын қабаттық және сорғы-компрессорлық құбырларды шығаруға дейін танысты. Үкімет басшысы біздің технологиялық жаңалықтарымызға ерекше назар аударды: өнімге QR-таңбалау жүйесін енгізу, RFID-технологияларын пайдалану дайындығы және өнімді жаһандық трекинг жүйелеріне интеграциялау бағытындағы жұмыстар. Бұл шешімдер өндірістің ашықтығын арттыруға, есеп жүргізу дәлдігін қамтамасыз етуге және жеткізу сапасын жақсартуға бағытталған.
Презентация барысында зауыттың бас директоры муфталарды өндіруге арналған жаңа автоматтандырылған желі құрылысы жобасын таныстырды. Бұл жоба өндірістік қуатты айтарлықтай арттырып, мұнай-газ саласына арналған жабдықтар нарығындағы отандық өндірушінің позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінде QazExpoCentre-Pipe зауытының жылдық қуаттылығы 41 мың тонна құбыр шығарады. Біздің өніміміз еліміздің жетекші мұнай-газ компанияларына — Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, ЖайықМұнай, Торғай Петролеум кәсіпорындарына жеткізіледі, сондай-ақ Карачаганак Петролеум Оперейтинг b.v. компаниясымен ынтымақтастыққа ұсынылған.
Премьер-Министр өз сөзінде инвестициялық жобаларды іске асыру мен заманауи өндірістерді дамыту ел экономикасын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Бұл сапар — QazExpoCentre-Pipe ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға және біздің инновацияға, сапа мен технологиялық дамуға бағытталған стратегиямыздың мемлекеттің басты мақсаттарымен үйлесетінін дәлелдейді.

whatsapp