Өндірістік қуаттар
Кәсіпорын диаметрі 60 мм-ден 178 мм-ге дейінгі сорғы-компрессорлық және корпустық құбырларды өндіруге арналған заманауи технологиялық және бақылау жабдықтарымен жабдықталған.
Зауыттың негізгі өндірістік жабдықтары Германияда жасалған: EMAG Maschinenfabrik, Weatherford oil Tool, Hydroline Schrupp, Venjakob-Maschienbau
"QazExpoCentre-Pipe" ЖШС № 109 3 00020 1-санатты Индустриялық сертификат алып, Қазақстанның отандық өндірушілерінің тізілімінде тұр. "Самұрық-Қазына" холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген. "QazExpoCentre-Pipe" СТ KZ тауарының шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттарға ие
Сорғы-компрессорлық және корпустық құбырлардың сериялық өндірісі МЕМСТ 633-80, МЕМСТ 632-80, МЕМСТ 31446-2017 (ISO 11960:2014), ҚР СТ ИСО 11960-2009, API Spec 5CT сәйкес келеді
QazExpoCentre-Pipe шығарылатын өнімге API (monogram API) МОНОГРАММАСЫН қолдану құқығына лицензиат болып табылады