«QAZEXPOCENTRE-PIPE» КӘСІПОРНЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛДЫ: ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ МАМЫР АЙЫНА ЖОСПАРЛАНҒАН

news
«QAZEXPOCENTRE-PIPE» КӘСІПОРНЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛДЫ: ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ МАМЫР АЙЫНА ЖОСПАРЛАНҒАН

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қандыағаш қаласына жұмыс сапары аясында «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС өндірістік алаңына барды.
Өңір басшылығына компанияның қазіргі қызметі, технологиялық үдерістері және ұзақ мерзімді даму перспективалары туралы толық ақпарат ұсынылды.
Бүгінгі таңда «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС жоғары сапалы құбыр өнімдерін өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны табысты жүзеге асыруда. Жобаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 5,0 млрд теңгені құрайды. Өндірістік қуаттарды ресми іске қосу ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру жергілікті мамандар үшін 20 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Өңір басшысының сапары барысында кәсіпорынды одан әрі кеңейту мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС инвестициялық жобасын Арнайы экономикалық аймаққа (АЭА) енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Облыс әкімі Асхат Шахаров кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңыздылығын жоғары бағалап, былай деп атап өтті:
«QazExpoCentre-Pipe» ЖШС маңызды өндірістік және инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, жаңа жұмыс орындарын ашып, облыс экономикасының дамуына үлес қосуда. Жобаны арнайы экономикалық аймаққа енгізу мәселесі қаралатын болады. Бұл облыстың инвестициялық тартымдылығын арттырып, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді».
Біздің компания заманауи технологияларды енгізе отырып және өңірдің өндірістік әлеуетін нығайта отырып, өндірісті іске қосу бағыты бойынша сенімді түрде алға жылжуын жалғастыруда.

whatsapp