QazExpoCentre-Pipe компаниясы 12-14 мамыр аралығында Ташкентте өткен Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шара – «Өзбекстан мұнайы мен газы» (Oil&Gas Uzbekistan 2026) халықаралық көрмесіне сәтті қатысты.
Кәсіпорынның көрме стендінде мұнай-газ секторына арналған құбыр өнімдері мен жабдықтар саласындағы озық шешімдер таныстырылды. Іс-шараға қатысу компания басшылығы мен мамандарына негізгі серіктестермен бірқатар нәтижелі келіссөздер жүргізуге, Орталық Азиядағы перспективалы жобаларды талқылауға, сондай-ақ халықаралық нарықта бренд позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.